Announcements

National Institute of Intellectual Property

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕГІ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ» ӨҢІРЛІК ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ

26 November, 2026

Құрметті әріптестер!

Kazpatent филиалы Сіздерді 2026 жылғы 26–27 қараша күндері Алматы қаласында өтетін «Орталық Азия елдеріндегі зияткерлік меншікті құқықтық қорғау қорғау» екі күндік өңірлік оқыту семинарына қатысуға шақырады.

Семинар Орталық Азия елдерінің зияткерлік меншікті құқықтық қорғау саласындағы ұлттық тәжірибесімен алмасуға, құқық қолдану практикасының өзекті мәселелерін талқылауға, сондай-ақ кәсіби өзара іс-қимыл мен өңірлік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Екі күндік бағдарлама аясында қатысушылар зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктерін, тауар белгілері мен географиялық көрсеткіштерді тіркеу ерекшеліктерін, патенттеу рәсімдерін, авторлық және сабақтас құқықтарды қорғаудың заманауи тәсілдерін, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы қолданудың практикалық мәселелерін қарастырады.

Семинардың негізгі тақырыптары:

• Орталық Азия елдерінде тауар белгілері мен географиялық көрсеткіштерді құқықтық қорғау және тіркеу;

• Мадрид жүйесі шеңберінде тауар белгілерін халықаралық тіркеу;

• РСТ жүйесі мен Еуразиялық патенттік жүйені қоса алғанда, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеудің ұлттық, өңірлік және халықаралық рәсімдері;

• цифрлық ортада авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару, Бірыңғай цифрлық платформаның функциялары;

• генеративті жасанды интеллект дәуіріндегі авторлық құқықтың өзекті мәселелері;

• зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сотқа дейінгі, сот және әкімшілік тәртіппен қорғау практикасы;

• мемлекеттік тізілімдер, электрондық сервистер және зияткерлік меншікті қорғау жүйесін цифрландыру;

• зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау, құқықтарды қорғау және коммерцияландыру саласындағы Орталық Азия елдерінің ұлттық тәжірибесі.

Ұлттық ведомстволар өкілдерінің практикалық тәжірибесімен алмасуға, құқық қолданудың өзекті мәселелерін талқылауға және өңір елдері арасындағы одан әрі ынтымақтастық перспективаларын айқындауға ерекше назар аударылады.

Өткізу күні: 2026 жылғы 26–27 қараша

Уақыты: 09:30–16:30

Өткізу орны: Алматы қаласы, Зенков көшесі, 47

Форматы: гибридті (офлайн/онлайн).

Бағдарлама

Мақсатты аудитория: зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік органдар мен ұлттық ведомстволардың өкілдері, осы саладағы мамандар мен сарапшылар, патенттік сенім білдірілген өкілдер, заңгерлер, сот сарапшылары, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері, кәсіпкерлер, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалар.

Семинарға қатысу алдын ала тіркеу негізінде жүзеге асырылады.

Қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркеліңіз:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdpbAhiLMf1AYU7VjJa2w3KgRQtjBWvX35WGFGpwrsC-qVLHg/viewform?usp=publish-editor

Семинарға қатысу құны – 47 642,8 теңге (ҚҚС-пен)

Теңгемен төлеу үшін банктік деректемелер: 

Қабылдаушы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

БСН 020940003199

1) "Нурбанк"АҚ

ИИК: KZ8584905KZ006015415

БИК: NURSKZKX

КБЕ: 16

КНП: 859

2) "Халық Банкі" АҚ Астана өңірлік филиалы

ИИК: KZ366017111000000792

БИК: HSBKKZKX

КБЕ: 16

КНП: 859


 Қосымша ақпарат алу үшін байланысатын тұлғаларға хабарласуыңызды сұраймыз: Әжімхан Гүлназ, Жусупова Нурсулу, +77027843999, +7 7079905236,, +7 727 344-03-94, телефондары немесе g.azhimkhan@kazpatent.kz, a.taisheva@kazpatent.kz  электрондық пошталары арқылы.