News

National Institute of Intellectual Property

slide
slide
slide
slide
slide

Авторлық құқық және өнеркәсіптік меншік: Kazpatent филиалында практикалық семинар өтті

29 October, 2026

2026 жылғы 29 қазанда Алматы қаласында Kazpatent филиалының Оқу орталығы ұйымдастырған «Авторлық құқық. Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында оқыту семинары өтті. Қатысушылар зияткерлік құқықтарды қорғаудың өзекті мәселелерін талқылап, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті және осы саладағы заңнаманы қолданудың практикалық аспектілерін қарастырды.

Семинар барысында авторлық шарттар мен туындыларды қорғау, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, өнеркәсіптік дизайнды құқықтық қорғау, сондай-ақ брендтерді қорғау мақсатында тауар белгілерін пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бағдарламаның жеке бөлімі зияткерлік меншік саласындағы дауларды шешудің құқықтық ерекшеліктері мен практикалық мәселелеріне арналды.

Сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, авторлардың, құқық иеленушілердің және бизнес өкілдерінің кәсіби қызметі барысында туындайтын мәселелерді шешу тәсілдерін ұсынды. Баяндамалардың практикалық бағыттылығы қатысушыларға зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және олардың құқықтарын қорғау тетіктерін жан-жақты қарастыруға мүмкіндік берді.

Семинар сұрақ-жауап сессиясымен аяқталып, оның қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды. Kazpatent спикерлер мен тыңдаушыларға семинарға қатысқаны және зияткерлік меншікті қорғау мәдениетін дамытуға қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіреді.