National Institute of Intellectual Property
2026 жылғы 21 мамырда Алматы қаласында Kazpatent филиалының Оқу орталығы ұйымдастырған "Авторлық және сабақтас құқықтарды, тауар белгілерді құқықтық қорғау, ГН және ТШЖА: құқық қолданудың заманауи тәсілдері мен мәселелері" тақырыбында оқыту семинары өтті. Іс-шараға бизнес өкілдері, заңгерлер, патенттік сенім білдірілген өкілдер, зияткерлік меншік саласындағы мамандар қатысты.
Семинар барысында авторлық және сабақтас құқықтарды реттеудің құқықтық аспектілері, жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарды реттеу ерекшеліктері қарастырылды. Тауар белгілерін ұлттық тіркеу мәселелеріне, оның ішінде айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілерді бағалау тәсілдеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, Мадрид жүйесі шеңберінде тауар белгілерін халықаралық тіркеудің негізгі аспектілері ұсынылды.
Сонымен қатар, сараптама жүргізуді және халықаралық қорғау тетіктерін қолдануды қоса алғанда, тауарлар шығарылған жерлердің атаулары мен географиялық нұсқамаларды тіркеу және құқықтық қорғау мәселелері қаралды. Тауар белігілерін коммерцияландыру шарттарын құқықтық реттеу мәселелері, сондай-ақ оларды мемлекеттік тіркеу тәртібі қосымша қарастырылды.
Іс-шараның практикалық бөлігі интерактивті форматта жүзеге асырылды және кейстерді талдауды қамтыды. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға құқық қолдану практикасының өзекті аспектілері бойынша түсініктемелер алуға мүмкіндік беретін сұрақтар мен жауаптар сессиясы өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.
Kazpatent филиалы спикерлер мен қатысушыларға белсенді қатысқаны, сындарлы диалогы және Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік саласындағы кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.