Құқық иелерінің назарына! Зияткерлік меншік объектілеріне қорғау құжаттарының қолданылу мерзімі аяқталады

Толығырақ

Өтінім берушілердің назарына

Толығырақ

QAZPATENT ҮЗДІК ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШТАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Толығырақ

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстан Республикасының "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Заңының (бұдан әрі - Заң) 2 – бабының 13) тармағына сәйкес, селекциялық жетістік - адамның шығармашылық қызметінің нәтижесі болып табылатын, патент берілген өсімдіктің жаңа сорты, жануардың жаңа тұқымы (аң өсіру, қоян өсіру, марал шаруашылығы, Қашыр шаруашылығы, бұғы шаруашылығы, тақпақ шаруашылығы, құс шаруашылығы, омарта шаруашылығы, балық өсіру, ит өсіру сияқты мал шаруашылығының қосымша салаларын қоса алғанда). Заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес селекциялық жетістіктің жаңалығы, ерекшелігі, біртектілігі және тұрақтылығы болуға тиіс.

Авторлық құқық - бұл ғылым, әдебиет және өнер туындыларын жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастар. Авторлық құқық мүліктік және мүліктік емес құқықтарды қамтиды.

Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456 Заңының (бұдан әрі –Заң)  1-бабының 8-тармағына сәйкес тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрi – тауар таңбасы) – осы Заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (көрсететін қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi.

Зияткерлік меншік объектілерінің тізімі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 961-бабында келтірілген.   Өнертабыстарды, пайдалы модельдерді құқықтық қорғау шарттары ҚР АК 991-бабында белгіленген.

Құқықтық қорғау берілетін өнертабыс ретінде жаңа, өнертабыстық деңгейі бар және өнеркәсіпте қолданылатын техникалық шешім есептеледі. 

Құқықтық қорғау берілетін пайдалы модель ретінде жаңа, өнеркәсіпте қолданылатын техникалық шешім есептеледі.