Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide

Qazpatent ТИҚО бойынша жұмыстарды ілгерілету шеңберінде «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» үшін «Ғылыми әзірлемелерді халықаралық патенттеу», «Коммерцияландыру және гранттық қаржыландыру» тақырыптары бойынша онлайн-семинар өткізді.

19 наурыз, 2026

2026 жылғы 19 наурызда «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (Kazpatent) «Ғылыми әзірлемелерді халықаралық патенттеу», «Коммерцияландыру және гранттық қаржыландыру» тақырыптары бойынша «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» (Қызылорда қ.) (бұдан әрі – университет) профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері үшін онлайн-семинар өткізді.

Іс-шара университеттің ғылыми және инновациялық әлеуетін дамытуға, зияткерлік меншік саласындағы басқару бойынша білім мен құзыреттерді арттыруға, сондай-ақ Казпатенттің Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығы (бұдан әрі – ТИҚО) мен университет арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

Университет атынан кіріспе сөзді Басқарма мүшесі - Ғылыми жұмыстар мен халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Бурибаева Майнура Абильтаевна сөйледі. Ол университеттің ғылыми және инновациялық әлеуетін дамытудағы патенттік қызметтің рөлін атап өтіп, университеттің коммерцияландыруға қатысты жобалары туралы хабарлады.

Кіріспе сөзбен «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директорының орынбасары Артықова Айдын Кыдырбайқызы сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасында зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға қатысты жаңашыл норма қарастырылғанын атап өтті. Атап айтқанда, 23-бапта әркімнің өзінің зияткерлік, шығармашылық және өзге де қызметінің нәтижелеріне құқығы бар екендігі және зияткерлік меншік заңмен қорғалатыны белгіленген. Аталған норма зияткерлік қызмет нәтижелеріне адамның құқығын конституциялық деңгейде таниды және мемлекетке оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз ету міндетін жүктейді.

Семинар модераторы ретінде Казпатенттің Патенттік зерттеулер және ТИҚО үйлестіру бөлімінің басшысы Шалабаева Ұлдана Каратаевна сөз сөйледі. Айта кету керек, университет 2024 жылғы 11 наурыздан бастап ТИҚО жобасының қатысушысы болып табылады.

Семинар барысында Өнертабыстар мен селекциялық жетістіктерді ресми сараптау басқарма басшысының орынбасары Жұбанов Олжас Нурадинұлы «Ғылыми әзірлемелерді халықаралық патенттеу» тақырыбында баяндамамен шықса, «Ғылым қоры» АҚ Инвестициялар және жаңа жобалар департаментінің директоры Жексембаева Айжан Шайханқызы Ғылым қорының гранттық қаржыландыруы туралы баяндады.

Семинар барысында университет қызметкерлері белсенді қатысып, халықаралық патенттеу және коммерцияландыру мәселелері бойынша жауаптар алды. Университет ТИҚО шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыруға қызығушылық білдірді.