Анонстар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

WIPO Global Awards 2026 өтінімдерді қабылдау туралы ақпарат

03 наурыз, 2026

World Intellectual Property Organization (WIPO)– инновациялар мен шығармашылық саласындағы БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі – WIPO Global Awards 2026 қатысу үшін өтінімдер қабылдаудың басталғанын жариялады.

2026 жылғы 15 қаңтар мен 31 наурыз аралығында әлемнің түкпір-түкпірінен келген стартаптар мен шағын және орта кәсіпорындар (ШОК) экономиканың кез келген саласынан өтінім беріп, зияткерлік меншік (ЗМ) объектілерін бизнесті ауқымдандыру және нақты әлеуметтік-экономикалық әсер қалыптастыру үшін қалай пайдаланатынын көрсете алады.

2026 жылғы марапаттар

2026 жылы 11 компания марапатталады, оның ішінде:

экономиканың түрлі салаларынан 10 жеңімпаз (денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік сектор, экология, креативті индустриялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және т.б.);

1 тақырыптық сыйлық: «Спорт саласындағы ШОК» (Халықаралық зияткерлік меншік күні – 2026 тақырыбына сәйкес);

2 арнайы номинация: «Үздік әйел кәсіпкер» және «Үздік жас кәсіпкер».

Сыйлықтың ерекшеліктері

WIPO Global Awards – салаға, бизнес ауқымына және шыққан еліне қарамастан, зияткерлік меншік құқықтарын өсудің стратегиялық активі ретінде пайдаланатын компанияларды атап өтетін бірегей марапат.

Байқау жеңімпаздары мыналарға ие болады:

  • WIPO желісі мен БҰҰ жүйесі арқылы халықаралық танымалдық пен ілгерілету;
  • зияткерлік меншік активтерін коммерцияландыру және бизнес-стратегияны дамыту бойынша алты айлық жеке менторлық бағдарлама;
  • инвесторлармен, корпорациялармен, мемлекеттік және халықаралық институттармен, сондай-ақ іскерлік қауымдастықтармен байланыс орнату;
  • Женевада өтетін марапаттау рәсіміне шақырту (WIPO Ассамблеялары аясында, 194 мемлекеттің өкілдерінің қатысуымен).

Өтінімдер келесі тілдерде қабылданады: араб, қытай, ағылшын, француз, испан және орыс.

Толық ақпарат пен өтінім беру нысаны мына сілтеме бойынша қолжетімді:
https://www.wipo.int/en/web/awards/global