Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide

Kazpatent авторлық құқық және сабақтас құқықтар мәселелері бойынша дөңгелек үстелге қатысты

21 қыркүйек, 2026

Kazpatent Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің телеарналар мен радиостанциялардың өкілдерімен бірлесіп өткізген авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманы қолдану мәселелері жөніндегі дөңгелек үстеліне қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамасының негізгі ережелері, сондай-ақ авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланушылардың оларды практикада қолдану мәселелері қаралды.

Kazpatent өкілдері құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы Бірыңғай цифрлық платформаның (БЦП) таныстырылымын өткізді, оның барысында платформаның негізгі функционалдық мүмкіндіктері, оның ішінде пайдаланушыларды тіркеу, пайдаланылған авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілері бойынша есептілікті ұсыну тәртібі, сондай-ақ сыйақыны жинау, бөлу және төлеу тетіктері көрсетілді. Платформаны енгізу құқықтарды ұжымдық басқару процестерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша заңнаманы қолдану және авторлық құқық пен сабақтас құқықтар саласындағы құқықтық реттеуді одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасу өтті. Қатысушыларға түскен сұрақтар бойынша түсіндірмелер берілді.

Kazpatent БЦП функционалын дамыту, сондай-ақ құқық иеленушілерге, пайдаланушыларға және құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарға ақпараттық-түсіндіру қолдауын көрсету жөніндегі жұмысты жалғастырады.