Ұлттық зияткерлік меншік институты
2026 жылғы 29 маусымда Kazpatent А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне арналған оқыту вебинарын өткізді.
Вебинар аясында өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану, құқықтарды берудің негізгі нысандары, Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар мен тауар шығарылған жерлердің атауларын құқықтық қорғау мәселелері егжей-тегжейлі қаралды.
Kazpatent зияткерлік меншік саласындағы хабардарлықты арттыру үшін осындай оқыту бағдарламаларын өткізуді жалғастыруды жоспарлап отыр.