Ұлттық зияткерлік меншік институты
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК соңғы уақытта зияткерлік меншік объектілерін тіркеу мәселелері бойынша өздерін Институт қызметкерлері ретінде таныстыратын белгісіз тұлғалардың телефон арқылы хабарласу жағдайлары көбейгенін хабарлайды.
Аталған тұлғалар өтінім берушілерді адастырып, жалған «міндетті қызметтерді» сылтау етіп, төлем жасауды сұрайды және төлемге арналған шоттар жібереді.
Назар аударыңыз:
- «ҰЗМИ» РМК барлық қызметтерді тек ресми арналар арқылы ұсынады:
жеке кабинет арқылы онлайн форматта немесе өтінім берушінің жазбаша өтініші негізінде;
- Институт қызметкерлері төлем талап ету мақсатында телефон арқылы хабарласпайды, сондай-ақ телефон арқылы түскен өтініштер бойынша шот ұсынбайды.
Осыған байланысты мұндай қоңырауларға сақтықпен қарауларыңызды сұраймыз – олар алаяқтық әрекеттер болуы мүмкін.
Егер сізге осындай қоңырау түссе:
- жеке және қаржылық мәліметтеріңізді жарияламаңыз;
- көрсетілген реквизиттер бойынша төлем жасамаңыз;
- сөйлесуді дереу тоқтатып, нөмірді бұғаттаңыз;
- қажет болған жағдайда байланыс орталығына хабарласып, қоңырау шалған нөмір туралы ақпарат беріңіз.
Сақ болыңыз және тек ресми ақпарат көздері мен байланыс арналарына сүйеніңіз.