Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

Казпатент Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығы бойынша жұмыстарды ілгерілету шеңберінде «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» үшін онлайн-семинар өткізді.

15 сәуір, 2026

2026 жылғы 15 сәуірде «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (Казпатент) «Зияткерлік меншік: ҚР заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбы бойынша «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» (бұдан әрі – университет) профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері үшін онлайн-семинар өткізді.

Іс-шара университеттің ғылыми және инновациялық әлеуетін дамытуға, зияткерлік меншік саласындағы басқару бойынша білім мен құзыреттерді арттыруға, сондай-ақ Казпатенттің Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығы (бұдан әрі – ТИҚО) мен университет арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

Кіріспе сөзді Басқарма мүшесі - Ғылыми жұмыстар мен халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Бурибаева Майнура Абильтаевна сөйледі. Ол университеттің ғылыми және инновациялық әлеуетін дамытудағы патенттік қызметтің рөлін атап өтті.

Казпатент өкілдері «Зияткерлік меншік: ҚР заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбы бойынша, соның ішінде Патент заңы мен тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары заңнамасына 2026 жылдың 25 қаңтарынан бастап күшіне енген өзгерістер туралы, «Авторлық құқық» және «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану, құқықтарды берудің негізгі нысандары» тақырыптары бойынша баяндама жасады.

Семинар барысында университет қызметкерлері белсенді қатысып, сұрақтарға жауап алды. Университет Казпатент пен ТИҚО шеңберінде ынтамақтастықты жалғастыруға ниетін білдірді.