Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Kazpatent «Ғылым қоры» АҚ үшін вебинар өткізді

03 наурыз, 2026

3 наурызда «Ғылым қоры» АҚ қызметкерлері үшін вебинар өткізілді. Вебинар аясында Қазақстан Республикасында өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, Еуразиялық патенттік конвенция (ЕАПК) жүйесі және Патенттік кооперация туралы шарт (PCT) шеңберінде патенттеу, авторлық құқықтың ерекшеліктері, өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану, сондай-ақ патенттеу саласындағы сот практикасы мәселелері талқыланды.

Алдағы уақытта осындай оқыту іс-шараларын басқа да мүдделі тұлғалар үшін өткізу жоспарлануда.