Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарының (ТИҚО) қызметін ілгерілету аясында Казпатент «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» үшін онлайн-семинар өткізді

23 сәуір, 2026

2026 жылғы 23 сәуірде РМК «Ұлттық зияткерлік меншік институты» (Казпатент) «Өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу», сондай-ақ «Тауар белгілерін тіркеуге өтінім беруге қойылатын талаптар» тақырыптарында Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарының (бұдан әрі –  ТИҚО) ұлттық желілерінің үйлестірушілері мен «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» (бұдан әрі – университет) қызметкерлері үшін онлайн-семинар өткізді.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап Казпатенттің үйлестіруімен іске асырылатын ТИҚО жобасының қатысушысы болып табылады және зияткерлік меншік саласында қызметтерді дамытып келеді. «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» осы жылдың сәуір айында ТИҚО жобасының қатысушысы атанып, оқыту семинарларына қатысып, зияткерлік меншік саласындағы білім мен біліктілікті арттыруға қызығушылық танытып отыр.

Казпатент өкілдері өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу мәселелерін баяндап, сондай-ақ тауар белгілерін тіркеуге өтінім беруге қойылатын талаптарды нақтылады. Семинар барысында қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойды.

Семинар Казпатент пен АХҚО және Сағынов университетіндегі ТИҚО ұлттық желілері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.