Ұлттық зияткерлік меншік институты
2026 жылы Жазғы мектеп бесінші рет ұйымдастырылып, зияткерлік меншік саласындағы студенттерді, жас мамандарды, мемлекеттік органдар өкілдерін, зерттеушілер мен практиктерді бір алаңға жинайды.
Іс-шараның маңызын оның өтетін орны одан әрі арттыра түседі – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы биыл өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтуде. Академия – еліміздің ғылыми және зияткерлік әлеуетін айқындайтын, зерттеу бағыттарының дамуына серпін беретін жетекші ғылыми орталықтардың бірі. ДЗМҰ Жазғы мектебінің дәл осы алаңда өткізілуі ғылыми дәстүр сабақтастығын және халықаралық ынтымақтастықтың нығаюын айқын көрсетеді.
Бағдарлама қатысушыларға зияткерлік меншіктің негізгі бағыттары бойынша білімін тереңдетуге, сондай-ақ ДЗМҰ-ның рөлі мен қызметі жөнінде жан-жақты мағлұмат алуға мүмкіндік береді.
Оқыту теориялық және практикалық компоненттерді біріктіреді және жетекші халықаралық және ұлттық сарапшылардың дәрістерін, құқық қолдану практикасынан кейстерді талдауды, интерактивті сессияларды, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы қолданбалы дағдыларды дамытуға бағытталған топтық жұмысты қамтиды.
Курс талаптарын толық орындап, бағдарламаны сәтті аяқтаған қатысушыларға ДЗМҰ-ның ресми сертификаты табысталады. Сертификат алу үшін оқу бағдарламасының кемінде 80 пайызына қатысу және пікірталастар мен топтық жұмысқа белсенді араласу қажет. Бағдарламаның гибридті форматта өтетінін ескере отырып, қатысушыларға ұзақтығы 6–8 сағатқа созылатын онлайн-сессияларға қатысу үшін уақыт белдеуін алдын ала ескерген жөн.
Жазғы мектеп форматы
Бағдарлама гибридті форматта өткізіледі:
Бірінші апта – Алматы қаласында офлайн оқу (Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы, Шевченко көшесі, 28);
Екінші апта – Zoom платформасы арқылы онлайн форматта.
Тіркелу
Қатысуға өтінімдер ДЗМҰ Академиясының порталы арқылы онлайн түрде қабылданады:
https://welc.wipo.int/acc/index.jsf?page=wssCatalog.xhtml&lang=ru&cc=WSSKZ_2026#plus_WSSKZ_2026
Өтінімге қоса мына құжаттар тіркелуі қажет:
– түйіндеме (CV);
– уәждемелік хат;
– паспорттың немесе жеке куәліктің көшірмесі.
Тіркеу жарнасы
Жазғы мектепке қатысу тіркеу жарнасын төлеуді көздейді:
– дамушы елдерден және экономикасы өтпелі елдерден келген студенттер мен жас мамандар үшін:
Студенттер – 50 АҚШ доллары
Жас мамандар – 100 АҚШ доллары
– дамыған елдерден келген студенттер мен жас мамандар үшін – 150 АҚШ доллары
Маңызды күндер мен қатысу шарттары
Тіркелу кезеңі: 2026 жылғы 20 сәуір мен 5 маусым аралығы
Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 5 маусым
Тіркеу жарнасын төлеу кезеңі: 2026 жылғы 5 мамыр мен 5 маусым аралығы
Оқу кезеңі: 2026 жылғы 15–26 маусым
Байланыс ақпараты
Аружан Абдыбаева
Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасы
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (Кazpatent)
Тел.: +7 (7172) 621588
E-mail: summer.school@qazpatent.kz