Анонстар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

ДЗМҰ-ның зияткерлік меншік және жасанды интеллект жөніндегі Жаһандық форумы өтеді

09 қараша, 2026

2026 жылғы 9–10 қарашада Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) зияткерлік меншік және жасанды интеллект жөніндегі бірінші Жаһандық форумы өтеді.

Форум барысында жасанды интеллектінің зияткерлік меншікке, инновациялар мен шығармашылыққа ықпалы, сондай-ақ осы саладағы халықаралық тәжірибе талқыланады.

Форум аясында алғаш рет жасанды интеллект негізіндегі қазақ тіліне аудару жүйесі іске қосылады.

Барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды форумға онлайн қатысуға және қазақ тіліндегі аударманы пайдалануға шақырамыз.

Өтетін уақыты: 9–10 қараша, Астана уақытымен 14:00–22:00.

Тіркелу: https://meet.wipo.int/event/41/registrations/50/

Онлайн трансляция: https://webcast.wipo.int/

Қазақ тіліндегі аударманы қосу үшін трансляция барысында «Live Transcript» бөлімінен «Kazakh» тілін таңдау қажет