Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Kazpatent Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университеті үшін оқыту вебинарын өткізді

23 маусым, 2026

2026 жылғы 23 маусымда Kazpatent А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне арналған оқыту вебинарын өткізді.

Вебинар аясында Қазақстан Республикасындағы өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу мәселелері, патенттік өтінімді толтыру ерекшеліктері, сондай-ақ өнертабыстарды халықаралық және өңірлік патенттеу мәселелері егжей-тегжейлі қаралды.

Kazpatent зияткерлік меншік саласындағы хабардарлықты арттыру мақсатында осындай оқыту бағдарламаларын өткізуді жалғастыруды жоспарлап отыр.