Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Kazpatent Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университеті үшін оқыту вебинарын өткізді

22 маусым, 2026

22 маусым 2026 жылы Kazpatent А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері үшін оқыту вебинарын өткізді.

Вебинар аясында Қазақстандағы және әлемдегі авторлық құқық мәселелері, авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтар тізіліміне мәліметтерді енгізу рәсімі, ҚР-дағы өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау және өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғаудың Еуразиялық жүйесі егжей-тегжейлі қаралды.

Kazpatent зияткерлік меншік саласындағы хабардарлықты арттыру үшін осындай оқыту бағдарламаларын өткізуді жалғастыруды жоспарлап отыр.