Ұлттық зияткерлік меншік институты
13 наурызда «Атамекен» ҰКП «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистеріне арналған вебинар өткізілді. Вебинар аясында Қазақстан Республикасында өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу мәселелері талқыланды.
Алдағы уақытта осындай оқыту іс-шараларын басқа да мүдделі тұлғалар үшін өткізу жоспарлануда.