Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Kazpatent «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ үшін вебинар өткізді

18 маусым, 2026

2026 жылғы 18 маусымда Kazpatent акселерациялық бағдарламаға қатысушылар мен отандық өндірушілер үшін өнімді экспорттау кезіндегі зияткерлік меншікті қорғау тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинар аясында Қазақстан Республикасының аумағында тауар таңбасын қорғау, шетелдік нарықтарда тауар таңбаларын халықаралық тіркеу және қорғау, Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік дизайн мен өнеркәсіптік үлгілерді қорғау және т.б. мәселелер егжей-тегжейлі қаралды.

Kazpatent отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ұлттық брендтерді ілгерілету үшін осындай оқыту бағдарламаларын өткізуді жалғастыруды жоспарлап отыр.