Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

Kazpatent филиалы META University үшін оқыту семинарын өткізді

13 мамыр, 2026

2026 жылғы 13 мамырда Kazpatent филиалының қызметкерлері META University ғалымдарына патенттік және авторлық құқық объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша оқыту семинарын өткізді.

Семинар барысында Kazpatent филиалының сарапшылары өнертабыстар мен пайдалы модельдердің патентке қабілеттілік шарттарын, ҚР Патенттік заңнамасының негізгі аспектілерін, сондай-ақ aвторлық құқық негіздерін  атап өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар Kazpatent жеке кабинетінде өтінімдерді ресімдеу және ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін қорғау бойынша практикалық ұсынымдар мен кеңестер алды.

Барлық тыңдаушыларға оқудан өткені туралы сертификаттар берілді. Kazpatent филиалы META University қызметкерлеріне Зияткерлік меншік саласындағы білім мен практикалық дағдыларды дамытуға белсенді қатысқаны және қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіреді.