Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Алматы қаласындағы contact-center: +7 (7273) 44-30-13
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

Новости

Оңтүстік Қазақстан облысында Дүниежүзілік зияткерлік меншік күні

26 сәуір Дүниежүзілік зияткерлік меншік күні, осыған орай Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті «Шығармашылық – келесі  ұрпақ» тақырыбында Шымкент, Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында және Шардара,  Ордабасы,  Түлкібас, Төлеби, Сайрам аудандарында жергілікті аудан әкімдіктерімен, оқу орындарымен және өзге де мүдделі органдармен бірлесіп, өнер көрмелерін,  ашық есік күнін, азаматтарға қабылдау, үгіт-насихат шараларын және акциялар өткізді.

DSC 0002

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті Атырау облысының әділет департаментімен бірлесіп а.ж. 19-20 маусым аралығында «Құқықтық қорғау және зияткерлік меншік объекттерін тиімді пайдалану» тақырыбына аумақтық оқу семинар

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті Атырау облысының әділет департаментімен бірлесіп а.ж. 19-20 маусым аралығында «Құқықтық қорғау және зияткерлік меншік объекттерін тиімді пайдалану» тақырыбына аумақтық оқу семинарын өткізеді.

Қызылорда облыстық Әділет департаментінің облыс құқық органдарымен байланысы нығаюда

Қызылорда облыстық Әділет департаменті ішкі істер және экономикалық және қаржы полициясы органдарымен бірлесіп, тиісті өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында, әр ай сайын тексерулер өткізеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті пайдалы модельдің заңсыз пайдалану фактісін анықтады

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті «Шымкент қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ мен жеке кәсіпкер А.Падеровтің арасында жасалған «Мемлекеттік сатып алулар туралы» келісім-шартына сәйкес, Шымкент қаласындағы жолаушылар көлігін диспетчерлік бақылау жүйесін азаматтық айналымға енгізу барысында № 594 патентімен қорғалған пайдалы модельдің заңсыз пайдалану фактісін анықтады.

АВТОРДЫ ҚОРҒАУ

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті «Математикадан 105 сабақ» атты әдістемелік оқулықтың авторы – Н.Жаманқараеваның құқығын қорғау мақсатында, баспасөз-мәжілісі өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен ІІБ қызметкерлерімен бірлесіп, аталған әдістемелік оқулықтың контрафактілік даналарын анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде, сауда айналымынан заңсыз көшірмеленген 12 өнім алынды.

2013 жылғы 4 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің қызметкерлері «СОБР» арнайы топ жасағының және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен контрафактілі аудио-бейне туындылардың көтерме саудасының қоймасы әшкерленді

2013 жылғы 4 сәуірде  Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің қызметкерлері «СОБР» арнайы топ жасағының және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен контрафактілі аудио-бейне туындылардың көтерме саудасының қоймасы әшкерленді. Тексерудің нәтижелері бойынша заңсыз айналымнан 18960 дана контрафактілі дискілер алынды.

2013 жылғы 21 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Мемлекеттік қызметкерлерді біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық институтында «Зияткерлік меншік құқығын қорғау» тақырыбына дәріс оқыды.

2013 жылғы 21 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Мемлекеттік қызметкерлерді біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық институтында «Зияткерлік меншік құқығын қорғау» тақырыбына дәріс оқыды.

Бұдан басқа, 2013 жылғы мамырда әділет және ішкі істер органдарының қызметкерлері 4 бірлескен тексеру іс-шараларын өткізді. Тексерулердің барысында контрафактілі аудиовизуалдық өнімді сатып тұрған жерінен 4 тұлға ұсталды. Жалпы саны 1142-ге тең DVD-дискілер алынды.

«Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 181 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

1. «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы №181 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

 

Кенжебаев Арман Жанатбекович

2013 жылғы 8 мамырда «Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын бекіту туралы»

2013 жылғы 8 мамырда «Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қарашадағы № 1373 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 469 қаулысы қабылданды (бұдан әрі – қаулы).

ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті мен Атырау облысы Әділет департаменті біріге отырып, а.ж. 19-20 маусымында «Құқықтық қорғау және зияткерлік меншік объектілерін ұтымды пайдалану» атты аймақтық оқыту семинарын өткізеді

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті мен Атырау облысы Әділет департаменті біріге отырып, а.ж. 19-20 маусымында «Құқықтық қорғау және зияткерлік меншік объектілерін ұтымды пайдалану» атты аймақтық оқыту семинарын өткізеді.

 
Наурыз 2021
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31