Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Алматы қаласындағы contact-center: +7 (7273) 44-30-13
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

Новости

Стратегиялық жоспарының индикаторларының мақсатына жету туралы сауалнама

Әділет министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының индикаторларының мақсатына жету туралы ҚР Үкіметінің 08.02.2011 жылғы № 95 қаулысына орай, Қызылорда облыстық Әділет департаменті азаматтардың зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында хабардарлығын анықтау мақсатында барлығы 500 адамнан сауалнама алынды.

Қызылорда облыстық Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы саласы бойынша алынған сауалнама қорытындысы

Әділет министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының индикаторларының мақсатына жету туралы ҚР Үкіметінің 08.02.2011 жылғы № 95 қаулысына орай, Қызылорда облыстық Әділет департаменті азаматтардың зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында хабардарлығын анықтау мақсатында барлығы 500 адамнан сауалнама алынды. Cауалнама нәтижесі бойынша қарақшылық өнімдерді азайту мақсатында 261 адам құқықтық сауаттылықты көтеруге байланысты шараларды жиі өткізу керек десе, 198 адам авторлық және сабақтас құқық туралы жауапкершілікті қатаңдату керек деп қолдаған.

Атырау қаласында «Зияткерлік меншік объекттерін тиімді пайдалану және құқықтық қорғау» тақырыбына аумақтық оқу семинары ұйымдастырылды

sem atyr 19 06 2013 12013 жылдың 19-20 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетімен, ҚР ӘМ ЗМҚК «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Атырау облысының Әділет департаментімен бірлесіп «Жайық-Ақпарат» баспасөз-клубында «Зияткерлік меншік объекттерін тиімді пайдалану және құқықтық қорғау» тақырыбына аумақтық оқу семинары ұйымдастырылды.

Оңтүстік Қазақстан облысында Дүниежүзілік зияткерлік меншік күні

26 сәуір Дүниежүзілік зияткерлік меншік күні, осыған орай Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті «Шығармашылық – келесі  ұрпақ» тақырыбында Шымкент, Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында және Шардара,  Ордабасы,  Түлкібас, Төлеби, Сайрам аудандарында жергілікті аудан әкімдіктерімен, оқу орындарымен және өзге де мүдделі органдармен бірлесіп, өнер көрмелерін,  ашық есік күнін, азаматтарға қабылдау, үгіт-насихат шараларын және акциялар өткізді.

DSC 0002

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті Атырау облысының әділет департаментімен бірлесіп а.ж. 19-20 маусым аралығында «Құқықтық қорғау және зияткерлік меншік объекттерін тиімді пайдалану» тақырыбына аумақтық оқу семинар

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті Атырау облысының әділет департаментімен бірлесіп а.ж. 19-20 маусым аралығында «Құқықтық қорғау және зияткерлік меншік объекттерін тиімді пайдалану» тақырыбына аумақтық оқу семинарын өткізеді.

Қызылорда облыстық Әділет департаментінің облыс құқық органдарымен байланысы нығаюда

Қызылорда облыстық Әділет департаменті ішкі істер және экономикалық және қаржы полициясы органдарымен бірлесіп, тиісті өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында, әр ай сайын тексерулер өткізеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті пайдалы модельдің заңсыз пайдалану фактісін анықтады

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті «Шымкент қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ мен жеке кәсіпкер А.Падеровтің арасында жасалған «Мемлекеттік сатып алулар туралы» келісім-шартына сәйкес, Шымкент қаласындағы жолаушылар көлігін диспетчерлік бақылау жүйесін азаматтық айналымға енгізу барысында № 594 патентімен қорғалған пайдалы модельдің заңсыз пайдалану фактісін анықтады.

АВТОРДЫ ҚОРҒАУ

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті «Математикадан 105 сабақ» атты әдістемелік оқулықтың авторы – Н.Жаманқараеваның құқығын қорғау мақсатында, баспасөз-мәжілісі өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен ІІБ қызметкерлерімен бірлесіп, аталған әдістемелік оқулықтың контрафактілік даналарын анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде, сауда айналымынан заңсыз көшірмеленген 12 өнім алынды.

2013 жылғы 4 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің қызметкерлері «СОБР» арнайы топ жасағының және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен контрафактілі аудио-бейне туындылардың көтерме саудасының қоймасы әшкерленді

2013 жылғы 4 сәуірде  Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің қызметкерлері «СОБР» арнайы топ жасағының және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен контрафактілі аудио-бейне туындылардың көтерме саудасының қоймасы әшкерленді. Тексерудің нәтижелері бойынша заңсыз айналымнан 18960 дана контрафактілі дискілер алынды.

 
Қаңтар 2021
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31