Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Алматы қаласындағы contact-center: +7 (7273) 44-30-13
kazpatent@kazpatent.kz

Новости

Facebook Kazakhstan қабырғасында co-working форматында кездесу өтті

2020 жылдың 13 ақпанында Facebook Kazakhstan қабырғасында co-working форматында өнертабыстарды шетелде патенттеу сұрақтары бойынша кездесу өтті. 

Өнертабыстарды шетелде патенттеу мәселелері туралы сұрақтарына «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК өкілдері, Алтынай Батырбекова және Ляззат Тутешова жауап берді.

«Жас өнертапқыш мектебі» алғашқы практикумы өтті

«ҰЗМИ» РМК Волонтер жылы аясында жас буынға арналған «Жас өнертапқыш мектебі» атты бірқатар оқыту семинарларын бастады.

Бірінші практикум елордалық 150 оқушы үшін 2020 жылдың 3 ақпанында ұйымдастырылып Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және «ҰЗМИ» РМК басшылықтарының қатысуларымен өтті.

«ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығымен «Азаматтық айналымдағы тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атаулары» тақырыбында семинар өткізділді

2020 жылдың 28 қаңтарында «ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы «Азаматтық айналымдағы тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атаулары» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар бизнес құрылым өкілдері, отандық өндірушілер мен мүдделі тұлғалар үшін құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында өткізілді.

Astana Hub IT стартаптар Халықаралық технопаркінде оқыту семинары өтті

2019 жылдың 23 желтоқсанында Astana Hub  IT стартаптар Халықаралық технопаркінде Ұлттық зияткерлік меншік институты сарапшылары «IT-шешімдерді зияткерлік меншік ретінде тіркеу» тақырыбында семинар өткізді.

Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау IT стартаптар

IT шешімдерді әзірлеушілер «ҰЗМИ» РМК жүгіну арқылы өнертабыстар, пайдалы модельдерге патенттерді қоса алғанда, зияткерлік меншік обьектілеріне құқықтық қорғау алуға мүмкіндігі бар.

«ҰЗМИ» қызметкерлері Бас прокуратураның жанындағы құқық қорғау органдары академиясының докторанттарына лекциялық сабақ өткізді

«ҰЗМИ»  қызметкерлері Бас прокуратураның жанындағы құқық қорғау органдары академиясының докторанттарына лекциялық сабақ өткізді. «ҰЗМИ» РМК ғылыми-зерттеу және талдау жұмысы басқармасының  бас сарапшысы Алтын Сапарғали баяндама жасады. Өткізілген лекция барысында зияткерлік меншік құқығы саласындағы жалпы сұрақтар талқыланды.

Оқу орталық тәжірибелік семинарын өткізді

2019 жылдың 12 желтоқсан күні «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы «Қазақстан Республикасында өнертабыстарды құқықтық қорғау, сақтау және коммерцияландыру» тақырыбында тәжірибелік семинарын өткізді.

«ҰЗМИ» РМК қызметкерлері «Назарбаев Университетінің: Astana Business Campus, Бизнес синергиясы, ғылым және білім» нетворкинг-конференциясына қатысты

2019 жылдың  6 желтоқсанында Назарбаев Университетінің қабырғасында,  Назарбаев Университеті президенті Шигео Катсу, Назарбаев Қорының басқарма төрағасы Аслан Саринжипов, Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қоры басқарма төрағасының орынбасары Саят Нюсупов, Tus-Holdings Co., Ltd.

Назарбаев Университетінде Қазақстанда технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығы желісін құру және дамыту бойынша оқыту семинары өтті

27-28 және 29 қараша күндері Назарбаев Университетінде  үш күндік оқыту семинары өтті.

Іс-шара «ҰЗМИ» РМК  ДЗМҰ ынтымақтастығы негізінде және Назарбаев Университетінің «NURIS» инновациялық кластерімен ұйымдастырылды.

Сауалнамаға қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметті өтініш берушілер және олардың өкілдері!

2019 жылдың қазанында біз өнертабысқа өтінімдерді сараптау бойынша ҰЗМИ қызметтерінің сапасына сіздің қанағаттанушылық деңгейін анықтау үшін онлайн-сауалнама жүргізген болатынбыз.

Нәтижелер респонденттердің 85%, біздің қызмет көрсетулерімізге қанағаттанғанын көрсетті.

 
Қыркүйек 2020
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30