Тауар таңбаларының халықаралық ассоциациясы (INTA) "Gen Z Insights: Брендтер және контрафактілік өнімдер" зерттеуін жүргізді.
Құрметті өтінім берушілер, сізге «Электрондық өтінім беру белсенділері» бөлімінде 2019 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша ақпарат орналастырылғанын хабарлаймыз.
2019 жылдың 26, 27, 28 маусым күндері «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау, сақтау және пайдалану» тақырыбында үш күндік семинар өткізді.
2019 жылдың 25-27 маусым аралығында Назарбаев университетінде оқушылар арасында "Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2019" республикалық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) финалдық іріктеуі өтті. Оған Қазақстанның барлық облыстары мен Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының оқушылары қатысты.
«ҰЗМИ» РМК 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 25 маусымында «ҰЗМИ» РМК-да Нұр-сұлтан қаласының салауатты өмір салты орталығының шақырылған қызметкерлерінің қатысуымен «Қауіп-қатердің мінез-құлыққа қатысты факторларының алдын алу» тақырыбында семинар болып өтті.
Бүгін, 25 маусымда Назарбаев орталығында «Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2019» республикалық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) финалдық іріктеу турының ашылуы өтті.
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-да 2019 жылдың 20 маусымында «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы-2019» құрмет атағын беру туралы конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Украинада 2019 жылдың 12 шілдесінен бастап зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғауға байланысты барлық іс-әрекеттер: авторлық құқықтарды тіркеу, патенттеу, сауда маркаларын тіркеу, өзгерістер енгізуге, құқықтарды беруге және ұзартуға байланысты іс-әрекеттерді қоса алғанда, мемлекеттік баж салығы 2-4 есеге артатынын хабарлаймыз.
«ҰЗМИ» РМК мен «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы» КЕАҚ арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында 2018 жылдың маусым айында орталық аумағында «ҰЗМИ» РМК фронт офисі өз жұмысын бастады.