Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

ЗММАК 11-ші отырысы өтті

2021 жылғы 14 қыркүйекте гибридті форматта зияткерлік меншікті құқықтық қорғау және сақтау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің (ЗММАК) 11-ші отырысы өтті.

Отырысқа Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Молдова Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының мемлекеттік органдары мен Ұлттық зияткерлік меншік ведомстволарынан делегаттар қатысты. Бақылаушылар ретінде Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы мен Еуразиялық патенттік ұйым өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Мейіржан Төлепов және Казпатент директоры Ербол Оспанов қатысты.

Іс-шара барысында қатысушы мемлекеттердің делегациялары есепті кезеңде жүргізілген жұмыс және өңірдегі интеграциялық процестер шеңберінде зияткерлік меншік саласын жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратпен алмасты, ЗММАК-тың келесі отырыстары барысында қатысушы мемлекеттердің одан әрі қарауы және ескертулер мен ұсыныстар енгізуі үшін зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың құнын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың жобасы ұсынылды.