Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының төртінші отырысы

press rel 4 zas1Әділет министрі Берік Имашевтың төрағалығымен 2013 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төртінші отырысы өті.

Комиссия қызметінің мақсаты – Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік құқықтарын баламалы қорғау мәселелерін реттеу жөнінде нақты іс-қимылдарды іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Отырыста Комиссияның мүшелері, Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа күрес агенттігі (қаржы полициясы), ішкі істер, ауыл шаруашылығы, экономика және бюджеттік жоспарлау, мәдениет және ақпарат, индустрия және жаңа технологиялар министрліктері, тәрізді орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ ғалымдар және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

press rel 4 zas2Отырыста Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы А.К. Естаевтың Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның үшінші хаттамалық шешімдерін орындау туралы, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғауда нормативтік құқықтық базаны және құқық қолдану практикасын жетілдіру бойынша баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар Қарағанды облысының әділет, ішкі істер және қаржы полициясы департаменттерінің басшылары 2012-2013 ж.ж. зияткерлік меншік саласында құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі атқарылған жұмыс туралы, соның ішінде бірлескен жұмыс туралы баяндама жасады.

Отырыстың нәтижелері бойынша комиссия мүшелері мемлекеттік органдарға зияткерлік меншік саласында құқық бұзушылықтың жолын кесу бойынша бірлескен жұмысты жандандыру, осы саладағы заңнаманы одан әрі жетілдіру және ауқымды құқық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бірқатар ұсыныстар берілді.

 
Шілде 2013
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31