Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

Жыл сайынғы IX Өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің республикалық байқауы «ШАПАҒАТ-2012» басталмақ

Өнертапқыштар назарына!

 

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылдың 10 наурызындағы №79, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2010 жылдың 10 наурызындағы №74, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылдың 22 ақпанындағы №77/1 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті мен Ұлттық зияткерлік меншік институты Астана қаласы жыл сайынғы «Шапағат» -өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің республикалық байқауын өткізеді. 
Байқаудың мақсаты - қазақстандық ғылым мен өнертапқыштар үздік жетістіктерін атап өту және мадақтау, индустриялы - инновациялық қызметті қолдау. 
Байқаудың міндеті: Қазақстан Республикасында зияткерлік меншіктің рөлін арттыру, өнертапқыштық және инновациялық қызметті ынталандыру, инновациялық және өнертапқыштық салаларына инвестицияларды тартуға жәрдемдесу. 
Байқау «Өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің республикалық байқауын өткізу туралы ережелеріне» сәйкес өткізіледі. Байқауға келесі номинациялар бойынша2011 жылы берілген, жарияланған және заңдық күші бар өнертабысқа берілген инновациялық патенттер мен патенттері бар ұлттық патентиеленушілер қатысады. 
- «Жылдың өнертабысы» - үш жүлде
- «Өнертапқыш-әйел»- екі жүлде 
-«Ең жас өнертапқыш» 
-«Ең белсенді өнертапқыш» 
- «Жас дарын» 
Байқау аясында «Жас дарын» номинациясы 14 жас пен 18 жас аралығындағы өнеркәсіптің жеке салаларында ғылыми- зерттеу жұмыстарымен айналысатын, болашағы мол зерттемелер қатарына жатқызылатын және сондай-ақ техникалық деңгейі мен қолданылу барысындағы табыстылық және т.б. критерийлерге жауап беретін еңбектері бар мектеп оқушылары мен студенттер қатарынан кандидат алынады. Аталған номинацияға инновациялық патентпен және патентпен қорғалмаған ғылыми еңбектер қатыса алады. 
Сонымен қатар жеңімпаздарды Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының медальдерімен қатар В.И. Блинников атындағы «Өнертапқыштық және патенттік іс саласына енгізген үлесі үшін» алтын медалімен марапаттау қарастырылған. Жеңімпаздарды марапаттауға арналған салтанатты кеш 2012 жылдың 24 мамырында Астана қаласында V Астана экономикалық форумы аясында өткізіледі
Байқау шаралары туралы ақпарат БАҚ–да жарияланады. Байқау туралы ақпарат пен өтінім нысаны www.intellkaz.kzwww.kazpatent.kz сайттарында орналасқан. 
Сондай-ақ байқау туралы ақпаратты 8(7172)50-26-09; 8(7172)50-26-20 телефондары арқылы кеңес секторынан алуға болады. 
Байқауға қатысу туралы өтінімдер 2012 жылдың 07 ақпаны мен 13 сәүріне дейін аралығында келесі мекен-жай бойынша қабылданады: 
«ҰЗМИ» РМҚК, Өнертабыстарды, пайдалы модельдерді және селекциялық жетістіктерді сараптау қызметі 
Қазақстан Республикасы, Астана қ-сы, Есілдің сол жағалауы, 
010000, Орынбор к-сі, 8-үй, Министрліктер үйі, № 18В-кіреберіс, 
тел.: 8 (7172) 50-26-09 , 8 (7172) 50-26-20, факс 8 (7172) 50-25-66 
www.kazpatent.kz, e-mail:  kazpatent@kazpatent.kz

 

 
Маусым 2012
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30