Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

Жыл сайын Қазақстанда көптеген жаңа өнертабыстар патенттеледі.

Жыл сайын Қазақстанда көптеген жаңа өнертабыстар патенттеледі.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Патенттік ведомствосы құрылғаннан бері өнертабыстарға жиырма тоғыз мыңнан аса өтінім берушілерге қорғау құжаттарын берген.

Өнертабыстарды қорғайтын патенттер және инновациялық патенттер нарықтық инфрақұрылымның ажырамас бөлігі болып табылады және мемлекеттік өнеркәсіптік саясаттың стратегиялық міндеттерін шешуде орасан мәні бар.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны ұйымдастырылатын «Шапағат» өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің Республикалық байқауын жыл сайын өткізу көпжылдық дәстүрі қалыптасты.

Өнертапқыштық саласындағы алғашқы байқау 2004 жылы өнертапқыштық қызметті ынталандыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында бекітілген.

Осы жылы «Шапағат» конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімінің 10-шы мерейтойы VІ Астана экономикалық форумы шеңберінде өткізіледі.

Конкурсты осындай кең іс-шараның аясында өткізу зияткерлік қызмет нәтижелерінің мемлекет экономикасын дамыту мен арттыруда үлкен роль атқаратынын және аса маңыздылыққа ие екенін ерекшелейді.

Соңғы жылдар бойы өнертапқыштар және біздің еліміздің қоғамы жоғары бағалап, аса құрметке тұрарлық өнертабыстардың авторлары «Шапағат» конкурсы шеңберінде қазақстандық өнертапқыштарға арналған ДЗМҰ-ның марапаттарын ұсыну әдетке айналды.

Конкурс келесідей номинациялар бойынша өткізіледі: «Жылдың өнертабысы», «Ең белсенді өнертапқыш», «Өнертапқыш-әйел», «Ең жас өнертапқыш», «Жас дарын».

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы соңғы 3 жыл бойы қазақстандық өнертапқыштарға арнап келесі марапаттарды – алтын медальдар мен сертификаттар ұсынады: «Ең үздік өнертапқышқа арналған ДЗМҰ-ның марапаты», «Ең үздік жас өнертапқышқа арналған ДЗМҰ-ның марапаты», «Ең үздік өнертапқыш-әйелге арналған ДЗМҰ-ның марапаты», «Жас дарынға арналған ДЗМҰ-ның марапаты» ұсынады. Бұл дерек конкурсқа ерекше маңыздылығын береді.

Еуразия патенттік ұйымы В.И. Блинников атындағы «Өнертапқыштық және патенттік іс саласына енгізген үлесі үшін» Алтын медалімен марапаттайды.

Аталған іс-шараның қатысушылары өткен жылы берілген және жарияланған, өнертабыстарға қолданыстағы инновациялық патенттер және патенттері бар, ұлттық патентиеленушілері болып табылды.

Өнертабыстар түпнұсқалық, бәсекеге қабілеттілік, жоғары техникалық деңгей және қолданудағы табыстылығы критерийлеріне сай келетін, өнеркәсіптің жекелеген салалары бойынша іріктелінді.

Бұдан басқа, өнертапқыштарды көтермелеу және Қазақстан Республикасында өнертапқыштық қызметті белсендіру мақсатында «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген өнертапқышы» конкурсы өткізілді. Осыған орай 2013 жылғы 23 мамырда «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген өнертапқышы» құрметті атақын иемдену туралы дипломдар мен ескерткіш ленталарды ұсыну рәсімі де өткізіледі.

 
Шілде 2013
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31