Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Алматы қаласындағы contact-center: +7 (7273) 44-30-13
kazpatent@kazpatent.kz

«Жасыл технологиялар» анықтамасын қалыптастыру» дөңгелек үстелі өтті

2020 жылдың 14 ақпанында Халықаралық  жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығында (ары қарай-Орталық) «Жасыл технологиялар» анықтамасын қалыптастыру» дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына бизнес өкілдері, мемлекеттік органдар, қоғамдық , халықаралық қаржы орталықтары және халықаралық «Астана» қаржы орталығының салалық сарапшылары қатысты.

Дөңгелек үстелде : Орталықтың  Басқарма Төрағасы – Рамазан Жампиисов, НТС Орталығының өкілі және бас менеджері-Александр Брагин, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» Басқарма Төрағасы – Елдос Абаканов сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел жұмысы «жасыл технологиялар» ұғымын енгізу және қалыптастыру қажеттілігін талқылауға арналды.

Мұндай қажеттілік 2019 жылғы жүргізілген талдаудың нәтижесінде пісіп жетілді, оның қорытындысы бойынша кәсіпорындардың кеншілігі жасыл технологиялар мен олардың артықшылықтары туралы хабардар болмағаны анықталды. Кәсіпорындар оларды енгізу үшін жеткілікті  қаржы ресурстарын бөлмейді. Статистикада талдау жүргізілмейді, кейбір кәсіпорындар жасыл сияқты табиғатты қорғау технологияларын түсіндіреді. Әркім бұл терминді өзінше түсінеді. Елдегі жасыл технологияларды пайдаланатын кәсіпорындардың үлесі 1,6% -ды құрайды.

«ҰЗМИ» РМК атынан (ары қарай-ҰЗМИ) дөңгелек үстелдің жұмысына Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы – Айдын Артықова, Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы – Алтынай Батырбекова қатысты.

Айдын Артықова- өз сөзінде ҰЗМИ қандай да бір өнертабыстарды жасыл технологияларға жатқызу кезінде экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының халықаралық сыныптамасын басшылыққа алатынын атап өтті.  Мұнда «жасыл технологиялар» жалпы экологиялық басқару және жаңартылатын көздерден энергия өндіру сияқты салаларды қамтиды. Бүгінде жасыл технология саласында екі мыңнан астам өнертабыс патенттелді. Патенттік заңнама негізінде ҰЗМИ өнертабысқа патент беруге жеделдетілген сараптама ұсынылады, ол оң жұмыс күні ішінде формальды сараптаманы жеделдетіп жүргізуді және мәні бойынша үш ай ішінде сараптаманы жеделдетіп жүргізуді қамтиды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар атап өткендей, заңнамалық деңгейге анықтама енгізу жасыл технологиялар нарығына қатысушылар арасында бірыңғай түсінік құруға мүмкіндік береді. "жасыл жобалар", "жасыл қаржыландыру" сияқты жаңа анықтамаларды қалыптастыруға ықпал етеді, экономикалық ынталандыру шараларын, стандарттарды және т.б. әзірлеуге көмектеседі.

 

Презентация

 
Қыркүйек 2020
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30