Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-91
Алматы қаласындағы contact-center: +7 (7273) 44-30-13
+7 (7273) 44-30-14
kazpatent@kazpatent.kz

«Жас өнертапқыш мектебі» алғашқы практикумы өтті

«ҰЗМИ» РМК Волонтер жылы аясында жас буынға арналған «Жас өнертапқыш мектебі» атты бірқатар оқыту семинарларын бастады.

Бірінші практикум елордалық 150 оқушы үшін 2020 жылдың 3 ақпанында ұйымдастырылып Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және «ҰЗМИ» РМК басшылықтарының қатысуларымен өтті.

Іс-шараны құттықтау сөзімен ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев ашып, өткізілетін іс-шараның оқушыларға пайдалы және ынталандырушы қайнар көзіне айналатынына сенімін білдірді.

Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Айдын Артықова 9-11 сыныптар оқушыларының алдында оларды өнертабыстар әлемімен таныстырып, қажеттілігі мен артықшылықтары туралы айтып өтті. 

Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы Алтынай Батырбекова республикалық және халықаралық деңгейде өнертабысты патенттеудің тетіктерін түсіндірді.

Оқушылардың өз қатарласы-өнертапқыш, №9 «ЗЕРДЕ» мамандандырылған мектебі» КММ 11 сынып оқушысы және  №4495 «Күмбезтәріздес күн трекері» атты пайдалы модель патентінің авторы Темирлан Рахимбаевпен сөйлесуге мүмкіндік алды, және ол өнертапқыштық тәжірибесімен бөлісіп, аудиторияның сұрақтарына жауап берді.

Ынталандыру және насихаттау мақсатында оқушылардың өнертапқыштық қызығушылығын ояту және арттыру үшін зияткерлік қызмет түрлері туралы, даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасы басшысының орынбасары Инкара Шертышева жиналғандарды жыл сайын өткізілетін (Nazarbayev Fund Schools Challenge және оқушылар арасында «Болашақ сенің қолында: ойлан тап та жасампаз бол» үздік эссе конкурсы).  республикалық байқаулармен таныстырды және Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2019 фильмі көрсетілді.

Іс-шара барысында оқушылар өнертапқыштық тақырыбында интерактивті викторинаға қатысты. Ең белсенді қатысушылар естелік сыйлықтармен кәдесыйлар алды.

Іс-тәжірибе нәтижелері бойынша мұғалімдер және оқушылар өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, жастардың шығармашылық әлеуетін ашу үшін осындай іс-шараларды өткізудің пайдалылығы мен маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып және аталған байқауларға қатысуға ықыластарын білдірді.    

                                                                                                          
                        ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев  
Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Айдын Артықова Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы Алтынай Батырбекова Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасы басшысының орынбасары Инкара Шертышева
                                                                                                          
                     №9 «ЗЕРДЕ» мамандандырылған мектебі» КММ 11 сынып оқушысы және «Күмбезтәріздес күн трекері» атты пайдалы модель патентінің авторы Темирлан Рахимбаев  

Интерактивті викторина

 

 
Сәуір 2020
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30