Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Алматы қаласындағы contact-center: +7 (7273) 44-30-13
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

«ҰЗМИ» РМК өкілі АҚШ және Орталық Азия елдерінің зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі сұрақтар бойынша жұмыс тобы сарапшыларының отырысына қатысты

Алматы қаласында 2019 жылдың 17-18 қыркүйегінде АҚШ Сауда Департаментінің Коммерциялық құқықты дамыту бағдарламасы (CLDP) АҚШ Сауда министрлігі сауда өкілі кеңсесінің үйлестіруімен (USTR), АҚШ патенттік-тауарлық белгілері бюросы (USPTO), АҚШ Сауда министрлігінің халықаралық сауда басқармасы (DOC/ITA),  ұйымдастыруымен  АҚШ пен Орталық Азия зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі сарапшылар жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.

Отырысқа Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан және АҚШ үкімет делегациялары, сондай-ақ патенттік ведомство өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының өкілдері: ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаменті директорының м.а. Куантыров Е.С., ҚР ӘМ Ұлттық зияткерлік меншік институты ғылыми-зерттеу және талдау жұмысы басқармасының басшысы Алмасова А.А., ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаменті өнеркәсіптік меншік басқармасының сарапшысы Кокжалов Р.А. қатысты.

АҚШ өкілдері: Коммерциялық құқықты дамыту бағдарламасының адвокат-консультанты Майкл Кофилд, Коммерциялық құқықты дамыту бағдарламасының халықаралық бағдарламасы бойынша маманы Юлия Мелара, АҚШ патент және тауар белгілері бойынша ведомствосының саясат және халықаралық қатынастар басқармасы Техас өңірлік кеңсесінің адвокат-консультанты Дж. Тодд Ривз, АҚШ Сауда өкілдігінің зияткерлік меншік және инновация бюросының директоры Анжам Азиз, АҚШ Сауда өкілдігі көмекшісінің орынбасары Зеба Реязуддин, АҚШ Халықаралық сауда басқармасының маманы Рейчел Сальзман қатысты.

Күн тәртібінде: Орталық Азия елдері бойынша арнайы 301 есеп беру, лицензияланбаған бағдарламалық қамтамасыздандыруды пайдалану,  авторлық құқық және контрафактілік мәселелер, осы аймақтағы зияткерлік меншік құқығын қорғау және қорғау саласындағы  тақырыптар талқыланды.

2019 жылдың 19 қыркүйегінің екі күндік отырысы барысында АҚШ өкілдерінің |Орталық Азия елдері делегаттарымен екі жақты кездесу өткізіліп, жұмыс тобының зияткерлік меншік құқығы туралы сұрақтары қойылды, нәтижесінде әрі қарай жұмыстар талқыланып отырыс қорытындыланды.

 
Наурыз 2021
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31