Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

«ҰЗМИ» РМК қызметкерлері «Назарбаев Университетінің: Astana Business Campus, Бизнес синергиясы, ғылым және білім» нетворкинг-конференциясына қатысты

2019 жылдың  6 желтоқсанында Назарбаев Университетінің қабырғасында,  Назарбаев Университеті президенті Шигео Катсу, Назарбаев Қорының басқарма төрағасы Аслан Саринжипов, Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қоры басқарма төрағасының орынбасары Саят Нюсупов, Tus-Holdings Co., Ltd. (Қытай) бас операциялық директоры Герберт Чен, Softbank Investment Advisers (Ұлыбритания) инвестициялық кеңесшісі Мохаммед Ахмедтің қатысуларымен III жыл сайынғы  «Назарбаев Университетінің: Astana Business Campus, Бизнес синергиясы, ғылым және білім» нетворкинг-конференциясы өтті.

Шақырылған спикерлермен конференция барысында, Astana Business Campus ғылыми орталығының ашылуы және дамуы, университеттің NURIS үлгісінде инновациялық кластерді дамытудың артықшылығы, когнативті қалалық экожүйелерді дамыту, Финляндияның, Қытайдың, АҚШ және басқа елдердің үлгісіндегі инновациялық жүйелерді, ғылыми және технологиялық парктерді басқару әдістері туралы тақырыптар талқыланды.

«ҰЗМИ» РМК атынан конференцияға өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаменті және ғылыми-зерттеу және талдау жұмысы басқармасы қызметкерлері қатысты.

 

 

 
Желтоқсан 2019
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31