Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

«ҰЗМИ» РМК делегациясының Түрік патенттер мен тауар таңбалары ведомствосына (TURKPATENT) жұмыс сапары

2020 жылдың 13 ақпанында «ҰЗМИ» РМК директоры Ермек Қуантыров бастаған делегация жұмыс сапарымен Анкара қаласындағы  Түрік патенттер мен тауар таңбалары ведомствосы (TURKPATENT)  президенті Хабип Асанмен кездесті.

Тараптар екі мемлекеттің патенттік жүйелерінің қазіргі дамуы туралы тәжірибе және ақпаратпен алмасты, сондай-ақ  «ҰЗМИ» РМК және Түрікпатент  арасында Меморандумға қол қою аясындағы жоспарланған өзара түсіністік туралы екіжақты ынтымақтастық бағыттарын талқылады.

Ведомстволар Меморандумға 2020 жылдың күзінде Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына мүше мемлекеттер Ассамблеясының 60 мәжілісі барысында қол қоюға ниетті.