Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

«ҰЗМИ» қызметкерлері Бас прокуратураның жанындағы құқық қорғау органдары академиясының докторанттарына лекциялық сабақ өткізді

«ҰЗМИ»  қызметкерлері Бас прокуратураның жанындағы құқық қорғау органдары академиясының докторанттарына лекциялық сабақ өткізді. «ҰЗМИ» РМК ғылыми-зерттеу және талдау жұмысы басқармасының  бас сарапшысы Алтын Сапарғали баяндама жасады. Өткізілген лекция барысында зияткерлік меншік құқығы саласындағы жалпы сұрақтар талқыланды. Атап айтқанда ұсынылған ақпарат «ҰЗМИ» РМК қызметіне қатысты болды, соның ішінде қызметтер көрсету, зияткерлік меншік обьектілерін тіркеу үшін сараптама жүргізу, мерзімі, осы саланы заңнамалық зерттеу, өзекті өзгерістер, халықаралық ынтымақтастық, қазіргі проблемалық аспектілерін және оларды шешу жолдары.

Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу басқармасының бас маманы Нұркелді Темірхан «зияткерлік меншікті қорғау және қорғау саласындағы дауларды шешу жөніндегі сот тәжірибесі» тақырыбы жөнінде түсіндірді.

Сонымен қатар баяндамашылар өтінім беру, қорғау құжаттарын беру, қолданыстағы қорғау құжаттары бойынша негізгі көрсеткіштерді ұсынды.

Тыңдаушылар және Академияның қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз әсерлерімен бөлісіп және алғыстарын айтты.

                                                    

 

 
Желтоқсан 2019
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31