Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

Талдықорған қ. зияткерлік меншік туралы Заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті

Ағымдағы жылғы 8 қарашада Талдықорған қаласында ҚР Әділет министрлігімен ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді.
Қоғамдық тыңдаудың жұмысына Алматы облысының аумақтық органдарының, Кәсіпкерлер палатасының, Ұлттық зияткерлік меншік институтының, ғылыми мекемелердің өкілдері, судьялар, патенттік сенім білдірілген өкілдер және кәсіпкерлік субъектілері қатысты.
Қоғамдық тыңдауды модератор, Алматы облысы Әділет департаменті басшысының орныбасары Б.Ә. Төреханов ашты.
Алматы облысы бойынша «Атамекен» КП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергіні төмендету бөлімінің басшысы А.С. Сұлтанбек алғыс сөз сөйлеп, баяндама жасады. 
Заң жобасын ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті директорының орынбасары С. М. Нұрымбетова таныстырды.
Заң жобасының міндеті - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының зияткерлік меншікті қорғау саласындағы стандарттарына жүйелі түрде өту.
Заң жобасының негізгі жаңалықтары:
-зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды тіркеу бойынша өкілеттіктерді сараптама ұйымына («Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК) беру арқылы зияткерлік меншік объектілерін тіркеудің бір деңгейлі жүйесін құру, яғни тіркеуді тек сараптама ұйымында жасауды қамтамасыз ету;
-тіркеуге қатысты дауларды сотқа дейінгі аралықта қарау мүмкіндігін кеңейту, сол арқылы Апелляциялық кеңестің тауар таңбалары мен фирмалық атаулардың ұқсастығы және тауар таңбаларын дистрибьютердің атына тіркеу бойынша дауларды қарастыру қарастырылған;
-құқық иелерінің тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін өтемақы алу құқығын қамтамасыз ету, осы арқылы тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін 500 АЕК- тен 10 000 АЕК-ке дейін өтемақы мөлшерін көбейту;
-тауар таңбаларына өтінімдерді сараптама ұйымына түскен сәттен бастап жариялау, бұл даулардың санын қысқартуға және мүдделі тұлғаларға тіркеуге келіп түскен тауар таңбалары туралы мәліметті алдын ала білуге мүмкіндік береді;
-шарттарды тіркеу тәртібін жеңілдету сараптама ұйымына шарттың төлнұсқасын ұсынуды талап етпеуді қамтамасыз етеді.
Жалпы Заң жобасы қолдау тапты.
Заң жобасының және Тұжырымдаманың мәтіндері 2016 жылғы 14 , 17, 20 қыркүйектегі № 101, 102, 103 «Юридическая газета», «Заң газеті» басылымдарында, Әділет министрлігінің www.adilet.gov.kz және Зиятркелік меншік құқығы институтының www.kazpatent.kz ресми сайттарында орналасқан.

 

 
Қараша 2016
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30