Qazpatent өкілдері зияткерлік меншікті сақтау және қорғау бойынша мастер-класс өткізді

5 маусымда Qazpatent өкілдері Ақтау қаласының «Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» ұйымдастырған «Caspian Startup» байқауы аясында Зияткерлік меншікті сақтау және қорғау бойынша мастер-класс өткізді.

Мастер – класта спикерлер ретінде патенттік құжаттаманы дайындау және жариялау басқармасының басшысы Срайыл Замира Болатханқызы, сондай – ақ зияткерлік меншік құқығы орталығының (IPR Center) бас сарапшысы Ұлханова Аружан Асылбекқызы сөз сөйледі.

 

      

Патенттік құжаттаманы дайындау және жариялау басқармасының басшысы Срайыл Замира Болатханқызы

     Зияткерлік меншік құқығы орталығының (IPR Center) бас сарапшысы Ұлханова Аружан Асылбекқызы

 

Qazpatent сарапшылары авторлық құқықты, тауар белгілерін құқықтық қорғау, IT-шешімдерді патенттеу, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау мәселелерін қамтыды.

Мастер-класс қатысушыларын өтінім беру рәсімі, айрықша құқықтардың ауысу тәртібі, қорғаудың қолданылу мерзімі, сондай-ақ патент алуға сараптама кезеңдері мәселелері қызықтырды.