Qazpatent «Атамекен» ҰКП әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына оқыту вебинарын өткізді

29-30 маусымда Qazpatent «Атамекен» ҰКП әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына «Зияткерлік меншік - компанияңыздың құнды активі» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.

Іс-шара Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған IP Around Me акциясы аясында өткізілді.

Qazpatent сарапшылары авторлық құқықты қорғау, IT-шешімдерді патенттеу мәселелерін, сондай-ақ жергілікті брендтерді дамыту құралы ретінде тауар шығарылған жердің атауын мәселелерін қамтыды.

Вебинар қатысушыларын авторлық құқық объектілерін тіркеу, пайдалы модельге патенттер беруге сараптаманың мерзімдері мен кезеңдері, сондай-ақ тауар шығарылған жердің атауын тіркеу құны жөніндегі мәселелер қызықтырды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда