Новости

«Зияткерлік меншік - ҚР креативті индустрияларын дамытудың маңызды құралы» тақырыбында вебинар

17 ақпанда Kazpatent Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері үшін «Зияткерлік меншік ҚР креативті индустриясын дамытудың негізі ретінде» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.

Іс-шара Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған IP Around Me акциясы аясында өткізілді.

Вебинарға 50 студенттер мен оқытушылар қатысты, спикерлер ретінде Авторлық құқық басқармасы мен Зияткерлік меншік құқығы орталығының (IPR Center) сарапшылары қатысты.

Kazpatent ХАТУ студенттеріне арналған оқыту вебинарын өткізді

2022 жылдың 10 ақпанында Kаzpatent Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттеріне «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.

Іс-шара «ЗМ және Жастар: болашақ үшін инновациялар» тақырыбына арналған 2022 жылғы Халықаралық зияткерлік меншік күніне орайластырылды.

Ермек Қуантыров Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысында баяндама жасады

2022 жылғы 28 қаңтарда Серік Темірболатовтың төрағалығымен онлайн режимінде ҚР ӘМ қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті, онда Kazpatent-тің 2021 жылғы қызметінің қорытындылары туралы мәселе қаралды.

Өтінім берушілер мен мүдделі тұлғалардың назарына!

Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай (бұдан әрі - ТЖ) режимінің енгізілуіне және техникалық шектеулердің енгізілуіне байланысты интернетке қол жетімділіктің болмауынан, Kazpatent өтінім берушілер төлемді уақтылы жүзеге асыра алмаған жағдайда, сұрау салуы және(немесе) сұратылған материалдарды (құжаттарды) ұсынуы бойынша, ТЖ режимі аяқталғанға дейін өтінімдер бойынша іс жүргізу тоқтатылмайтынын хабарлайды.

Елордалық оқушылармен кездесу өтті

2021 жылдың 23 желтоқсанында Kazpatent Жас өнертапқыш мектебі аясында елордалық мектептердің 150 оқушысымен кездесу өткізді.

Жас өнертапқыш мектебін өткізудің мақсаты зияткерлік меншік саласындағы білімді насихаттау, сондай-ақ Қазақстан жастары арасында өнертапқыштықты дамытуға ынталандыру болып табылады.

Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы өзгерту туралы

10 желтоқсанда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы өзгертуге қатысты баспасөз конференциясы өтті. Шараға ҚР Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова, ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы департаменті директорының орынбасары Гүлнара Кәкен,  ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» (Қазпатент) директоры Ермек Қуантыров қатысты.

«Шапағат» Республикалық өнертапқыштар байқауының қорытындысы шығарылды

Жаңа форматтағы байқау бесінші рет өткізіліп отыр. Байқаудың он жеңімпазының қатарында ауыл шаруашылығы, тау-кен ісі, медицина және техникалық өнеркәсіп салаларындағы жаңашылдар бар. Байқаудың финалистері СМС-дауыс беру арқылы анықталды. 2021 жылғы конкурсының қатысушылары 2020 жылы берілген қолданыстағы патенттері бар қазақстандық өнертапқыштар. Ең көп дауыс жинаған жеңімпаздар:

Казпатент кәсіпкерлерге өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеуге өтінім беру рәсімін түсіндірді

2021 жыл. 23 қарашада Казпатент сарапшылары "Өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеуге өтінім беру рәсімі" тақырыбында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған вебинар өткізді.

Ақпараттық хабарлама!

Өтініш берушілер мен мүдделі тұлғалардың назарына!
 

«Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та жасампаз бол» оқушылар арасындағы үздік эссе конкурсының жеңімпаздары анықталды

2021 жылдың 22 қазанында «Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та жасампаз бол» оқушылар арасында үздік эссе республикалық конкурсының қорытындысы анықталды. Конкурс 2021 жылдың 2 қыркүйегінде басталған. Конкурстың мақсаты – оқушылардың арасындағы шығармашылық белсенділікті ынталандыру, зияткерлік меншік саласындағы білімді насихаттау және тарату, жас ұрпаққа патенттік мәдениеттің негіздерін дарыту.
 
 
Тамыз 2022
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31