Новости

2018 жылдың 19 наурызында көшпелі семинар өткізілді

2018 жылдың 19 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Өнеркәсіптік үлгі өнеркәсіптік меншік объектісі ретінде» тақырыбында көшпелі семинар өткізілді.

Семинар жұмысына аталған Университеттің қызметкерлері мен студенттері, барлығы 39  адам (с.қ. доценттері, ғылым кандидаттары, бөлім басшылары, ғылыми қызметкерлер мен «ҰЗМИ» Алматы қ. филиалының мамандары) қатысты.

ХАБАРЛАНДЫРУ! 2018 жылдың 29 наурызында Алматы қаласында ҰЗМИ филиалы оқыту семинарын өткізеді

2018 жылдың 29наурызында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты филиалының Оқу орталығы (ҰЗМИ филиалы) «Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды берудің негізгі түрлері. Құқықтарды беру мен лицензиялық шарттар» тақырыбында оқыту семинарын өткізеді.

Аталған семинардың мақсаты – зияткерлік меншік объектілерін беру, бағалау және пайдалану бойынша құқық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Лилиана Биглоу ханым және институт басшылығы арасында кездесу орын алды

2018 жылы наурыздың 16 жұлдызында «ҰЗМИ» РМК-да Британдық Кеңестің бұрыңғы өкілі, білім және әлеуметтік саясат жөніндегі кеңесшісі Лилиана Биглоу ханым және институт басшылығы арасында кездесу орын алды.

2018 жылдың 27 ақпанында «ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы семинар өткізді

2018 жылдың 27 ақпанында Алматы қ. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ұлттық зияткерлік меншік институты филиалының Оқу орталығы (ҰЗМИ филиалы) «Дараландыру құралдары: тауар таңбалары, тауар шығарылған жерлер атаулары мен өнеркәсіптік үлгілер. Авторлық құқық негіздері»тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

2018 жылдың 20-21 ақпанында Алматы және Шымкент қалалары «Атамекен» ҰКП-да семинар өтті

2018 жылдың 20-21 ақпанында Алматы және Шымкент қалалары «Атамекен» ҰКП-да   Республикалық «Контрафакт» акциясы  аясында  «Атамекен» өңірлік  палаталары, құқық иелері және Алматы және Шымкент қалаларының  бизнес- құрылымдары  өкілдерінің және мүдделі тұлғалардың қатысуымен «Кәсіпкерлік және зияткерлік меншік» тақырыбында  семинар болып өтті.

2018 жылдың 26 ақпанында «ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы семинар өткізді

2018 жылдың 26 ақпанында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика институтында «Авторлық құқық негіздері» тақырыбында семинар өткізді.

"Ғылым қоры" АҚ семинарына қатысты

Ұлттық зияткерлік меншік институты қызметкерлері «Ғылым қоры» АҚ ұйымдастырып отырған «Коммерциализация жобаларын гранттық қаржыландыруды жүзеге асырудағы тәжирибелік аспектілері» атты оқыту семинарына қатысуда. Бескүндік семинар 2018 жылдың 26 ақпанында басталды.

2018 жылдың 20 ақпанында РМК филиалының Оқу орталығы семинар өткізді

2018 жылдың 20 ақпанында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы «НұрОтан» партиясының Медеу аудандық филиалымен бірлесе Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназиясында 8-9 сынып оқушыларына арналған «Авторлық құқық негіздері» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар жұмысына аталған гимназияның мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Лектор ретінде Оқу орталығының бас маманы Б.О. Назаров дәріс оқып, көрнекі мысалдар арқылы авторлық құқық объектілері туралы кеңінен мәлімет берді.

2017 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша өндірістік кеңес болып өтті

Ағымдағы жылдың 23 ақпанында Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК  жұмысының   қорытындысы  бойынша  өндірістік  кеңес болып  өтті.  Отырыс барысында  2017 жылы атқарылған  жұмыс қорытындыланды  және  2018 жылы атқарылатын жұмыс бойынша басым міндеттер анықталды. 

2018 жылы 13 ақпанда Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде көшпелі семинар өткізілді

2018 жылы 13 ақпанда Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану» тақырыбында көшпелі семинар өткізілді.

Семинар аталған Университет өтініші бойынша профессор-оқытушылар құрамына арналып ұйымдастырылды. «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы В.П. Федурин «Шарт түрлері. Лицензиялық шарттар және лицензия түрлері» тақырыбында дәріс оқыды.

 
Желтоқсан 2022
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31