2018 жылы 13 ақпанда Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде көшпелі семинар өткізілді
Өзгертілген күні: 01/03/2018 - 12:57
2018 жылы 13 ақпанда Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану» тақырыбында көшпелі семинар өткізілді.
Семинар аталған Университет өтініші бойынша профессор-оқытушылар құрамына арналып ұйымдастырылды. «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы В.П. Федурин «Шарт түрлері. Лицензиялық шарттар және лицензия түрлері» тақырыбында дәріс оқыды.