Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

Новости

Қазақстандық делегация Женева қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) мүше-мемлекеттер Ассамблеясының елу тоғызыншы серия отырысына қатысуда

Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бекетаев, Зияткерлік меншік құқығы департаменті директоры Ермек Куантыров, «ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспанов және «ҰЗМИ» РМК директорының орынбасары Макпал Шугаипова құрамына кірген Қазақстандық делегация Женева қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) мүше-мемлекеттер Ассамблеясының елу тоғызыншы серия отырысына қатысуда.

Сіздерді Әділет органдары қызметкерлерінің күнімен құттықтаймыз

Құрметті достар, әріптестер және әділет ардагерлері!

Ұлттық зияткерлік меншік институты сіздерді Әділет органдары қызметкерлерінің күнімен құттықтайды!

ҰЗМИ Алматы қ. филиалында 3 күндік оқыту семинары өткізілді

2019 жылдың 24-26 қыркүйек күндері «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қ. филиалында «Өнеркәсіптік үлгілерді, тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлер атауларын құқықтық қорғау» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

ДЗМҰ (WIPO) медиация және арбитраждық орталығының директоры Қазпатент кәсіпорнында болды.

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 25 қыркүйегі күні Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (WIPO) медиация және арбитраждық орталығының директоры Эрик Уилберс «ҰЗМИ» РМК болды.

Кездесуді құттықтау сөзімен «ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспанов ашты.

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті мен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған семинар өтті

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаментінің Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) бірге ұйымдастырылған семинары өтті.

«Инновациялық технологиялар паркі» ДКҚ арналған семинар өткізілді

2019 жылдың 19 қыркүйегінде Ынтымақтастық туралы келісім аясында Алматы қ. IT-Квартал ғимаратында Оқу орталығы «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорына арналған «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мен сақтау» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар жұмысына Парктің әр түрлі жобалар бойынша стартаперлері қатысты.

«ҰЗМИ» РМК өкілі АҚШ және Орталық Азия елдерінің зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі сұрақтар бойынша жұмыс тобы сарапшыларының отырысына қатысты

Алматы қаласында 2019 жылдың 17-18 қыркүйегінде АҚШ Сауда Департаментінің Коммерциялық құқықты дамыту бағдарламасы (CLDP) АҚШ Сауда министрлігі сауда өкілі кеңсесінің үйлестіруімен (USTR), АҚШ патенттік-тауарлық белгілері бюросы (USPTO), АҚШ Сауда министрлігінің халықаралық сауда басқармасы (DOC/ITA),  ұйымдастыруымен  АҚШ пен Орталық Азия зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі сарапшылар жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.

Құрметті әріптестер! Сіздерді шын жүректен Ұлттық зияткерлік меншік институтының құрылған күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, өркендеу және кәсіби салада сәттілік тілейміз!

                                    

«ҮЗМИ» РМК қызметкерлері машина жасаушылардың VII форумына қатысты

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 12-13 қыркүйек күндері ЕХРО Конгресс-Орталығында Қазақстандық машина жасаушылардың VII форумы өтті. Форумды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі және Қазақстанның машина жасаушылар одағы. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ форумның бас серіктесі болды.

Ақпараттық хабарлама

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Қ. Жұмағалиевпен 2018 жылғы 19 қарашада Зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жөніндегі Жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілді.