Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

Новости

Оқу орталығы 3 күндік оқыту семинарын өткізді

2019 жылдың 22, 23, 24 қазан күндері «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы «Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды рәсімдеу: өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

«Болашақ сенің қолында: ойлан тап та жасампаз бол» оқушылар арасындағы үздік шығарма конкурсының жеңімпаздары анықталды

Бүгін 2019 жылдың 14 қазанында «Болашақ сенің қолында: ойлан тап та жасампаз бол» оқушылар арасында үздік эссе республикалық конкурсының қорытындысы анықталды. Конкурс 2019 жылдың 2 қыркүйегінде басталған.

ҰЗМИ бірінші күзгі «Run for Jusitce-2019» жүгіруді өткізді

Бүгін 2019 жылдың 12 қазанында Нұр-Сұлтан қаласының Триатлон саябағында Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай күзгі «Run for Jusitce-2019» атты жүгіруді өткізді. Стартқа 100 аса әуесқой жүгірушілер шықты.

«ҰЗМИ» РМК қызметкерлері «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырған «Қазақстанда авторлық құқықтың негіздері» семинары және қауіпсіздік мәселелері бойынша VI IP-форумына қатысты.

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 10 қазанында  қауіпсіздік мәселелері бойынша ITV Axxsonsoft, Intel, Gruding Security, Twin Pro, Commax, NODER және «Рубикон» компаниялар тобы ұйымдастырған VI IP-форумы өтті.

«Шапағат-2019» өнертапқыштар республикалық конкурсының жеңімпаздары анықталды

Бүгін 2019 жылдың 11 қазанында Дүниежүзілік зияткерлік меншік күніне орай осы жылдың 26 сәуірінде басталған «Шапағат» өнертапқыштар республикалық онлайн  конкурсы жеңімпаздарының қорытындысы анықталды.

Конкурс өнертапқыштық қызметін үгіт-насихаттау мақсатында, қоғамда өнертапқыштық ақпараттың деңгейін арттыру.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы басшылығымен жұмыстық кездесу өтті

Бүгін 2019 жылдың 9 қазанында Ұлттық зияткерлік меншік институтында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы басшылығымен жұмыстық кездесу өтті.

Кездесудің басты тақырыбы тауар таңбаларының нормативтік актілерін тіркеу және қорғау саласын сот-сараптамалық тауартану зерттеулерімен үйлестіру жөніндегі сұрақтар болды.

Алматы қаласында «Авторлық және сабақтас құқықтар: сот (арбитраж) тәжірибесінің өзекті проблемалары» үшінші халықаралық конференциясы болып өтті

2019 жылдың 3-4 қазан күндері  Алматы қаласында «Авторлық және сабақтас құқықтар: сот (арбитраж) тәжірибесінің өзекті проблемалары» үшінші халықаралық конференциясы өтті. Аталған іс-шараны «Аманат» авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау бойынша коммерциялық емес ұйымы» жеке мекемесі және «Братусь, Сагадиев, Демеубаев и Партнёры» заң фирмалары ұйымдастырды.

ДЗМҰ Бас Ассамблеясының аясында ҰЗМИ және ЕАПВ арасында Электрондық құжат алмасу туралы келісімге қол қойылды

2019 жылдың 30 қыркүйегінде ДЗМҰ Бас Ассамблеясының аясында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директоры Е. Оспанов және Еуразиялық патенттік ведомствосының президенті С. Тлевлесова Электрондық құжат алмасу туралы келісімге қол қойды.

Қазақстандық делегация Женева қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) мүше-мемлекеттер Ассамблеясының елу тоғызыншы серия отырысына қатысуда

Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бекетаев, Зияткерлік меншік құқығы департаменті директоры Ермек Куантыров, «ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспанов және «ҰЗМИ» РМК директорының орынбасары Макпал Шугаипова құрамына кірген Қазақстандық делегация Женева қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) мүше-мемлекеттер Ассамблеясының елу тоғызыншы серия отырысына қатысуда.

Сіздерді Әділет органдары қызметкерлерінің күнімен құттықтаймыз

Құрметті достар, әріптестер және әділет ардагерлері!

Ұлттық зияткерлік меншік институты сіздерді Әділет органдары қызметкерлерінің күнімен құттықтайды!

 
Қыркүйек 2021
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
27
28
29
30