Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Алматы қаласындағы contact-center: +7 (7273) 44-30-13
kazpatent@kazpatent.kz

Оқушылар арасындағы «Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та, жасампаз бол» үздік шығарма байқауы

НҰР-СҰЛТАН – ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (ҚАЗПАТЕНТ) оқушылар арасында жыл сайынғы «Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та, жасампаз бол» байқауының басталғандығы туралы жариялайды.

Байқауға Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Шығармалар (ЭССЕ) 2020 жылдың 2 қыркүйектен бастап 10 қазанға дейін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады.

Байқаудың мақсаты - оқушылардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру, зияткерлік меншік саласындағы білімді кеңейту және жас ұрпақ арасында патенттік мәдениеттің негіздерін қалыптастыру.

Байқау шарттарымен https://shapagat.kazpatent.kz/kk/content/okushylar-arasynda-bolashak-senin-kolynda-oylan-tap-ta-zhasampaz-bol-konkursy сілтемесі арқылы танысуға болады.

Жеңімпаздардың есімдері 2020 жылдың 14 қазанында белгілі болады.

Толық ақпарат алу үшін байқау ұйымдастырушыларына +7 702 904 94 65 ұялы телефоны немесе d.meirmanova@kazpatent.kz электронды поштасы арқылы хабарласуыңызды сұраймыз. 

 
Қыркүйек 2020
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30