Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

Оқу орталығы өтінімдерді электронды беру бойынша тәжірибелік семинар өткізді

Негізі цифрландыру болып табылатын үшінші жаңғыру туралы мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын және 2020 жылға арналған ҰЗМИ РМК «Зияткерлік меншік объектілеріне электронды өтінім көлемін арттыру» іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 2020 жылдың 19 ақпанында «ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы «Зияткерлік меншік объектілеріне электронды өтінім беру және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды тіркеу» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізді.

Аталған шараға «Аврора Холдинг» ЖШС, «Kinpopark Centre» ЖШС, «National Paints Ltd» ЖШС, «UCHINA» ЖШС өкілдері және басқа жеке тұлғалар қатысты.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.