Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Алматы қаласындағы contact-center: +7 (7273) 44-30-13
kazpatent@kazpatent.kz

Назар аударыңыз! «Шапағат» аясында Өнертапқыштар байқауы басталды

Конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 26 сәуірі мен 26 тамызы аралығында өткізіледі.

Конкурс жыл сайын өткен жылдың қорытындысы бойынша электронды түрде өткізіледі.

Конкурсқа 2019 жылы берілген өнеркәсіп үлгілеріне, пайдалы модельдер мен өнертабысқа қолданыстағы патенттері бар Қазақстан Республикасының құқық иегерлері қатыса алады.

Интернет-ресурсын пайдаланушылар арасында дауыс беру ағымдағы жылғы 1 қыркүйек пен 10 қазан аралығын қоса алғанда өткізіледі. Дауыстарды санау бірегей ұялы телефон нөміріне жіберілген, кодты растау арқылы жазылады. Дауыстар бірегей ұялы телефон нөміріне жіберілген кодты растау арқылы жазылады. Дауыс беру аяқталғаннан кейін конкурс қорытындысы шығарылады. Ең көп дауыс жинаған алғашқы он жеңімпаз Конкурс жеңімпаздары болып табылады.

 

Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:

бірінші кезең – онлайн-конкурстың басталуы туралы хабарландыру;

екінші кезең – интернет-ресурсындa https://shapagat.kazpatent.kz/kk/content/zayavka-na-respublikanskiy-onlayn-konkurs-izobretateley онлайн-өтінімтерді қабылдау;

үшінші кезең – дауыс беру;

төртінші кезең – қорытындысын шығару.

Барлық қалаушыларды конкурсқа қатысуға шақырамыз! Сәттілік тілейміз!

«Шапағат» Өнертапқыштар байқауы сілтеме:

https://shapagat.kazpatent.kz/kk/contest

 

 

 
Қыркүйек 2020
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30