Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

«Мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықты алдын алу» тақырыбында «ҰЗМИ» РМК дөңгелек үстел өткізді

«ҰЗМИ» РМК 2020 жылғы Жұмыс жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2020 жылдың 21 ақпанында «ҰЗМИ» РМК «Мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықты алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылкышиева, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Алма Сыдыкова, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және мониторинг басқармасы басшысының м.а. Меруерт Туребекова қатысты.

«ҰЗМИ» РМК ұжымы және Алматы қ. филиалы мамандары толықтай видеожелі арқылы қатысты.

Іс-шара барысында Сараптама және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу басқармасының басшысы Алтынай Тайшеваның, сондай-ақ кадрлық жұмыс басқармасының бас маманы Рустембек Жумановтың сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға қарсы баяндамалары тыңдалды.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылкышиева Қазақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жаңашылдықтар, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық туралы, сондай-ақ шаралар кешені туралы, заңнамалық бастамалардан бастап және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мен білім беру бойынша жұмыстары туралы толығырақ айтып берді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың себептері, онымен күрестің негізгі бағыттары, осы құбылысқа теріс көзқарасты қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» фильмі көрсетілді.

Жиын соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заң шеңберінде мемлекеттік органдар мен бүкіл қоғамның белсенді жұмысының маңыздылығын атап өтті.

  Жазира Жылкышиева, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары 
 Алтынай Тайшева, Сараптама және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу басқармасының басшысы