Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

Қызылорда облыстық Әділет департаменті а.ж. 19 маусымда «Контрафакт өнімдерге тосқауыл жасайық» атты акциясын ұйымдастырды

kyzyl kontrafakt Қызылорда облыстық Әділет департаменті а.ж. 19 маусымда «Контрафакт өнімдерге тосқауыл жасайық» атты акциясын ұйымдастырды.

Аталған акция кәсіпкерлер, ішкі істер органдары, СЭС өкілдерінің қатысуымен «Контрафакт өнімдерді заңсыз сатқаны үшін жауапкершілік» тақырыбындағы дөңгелек үстелмен басталды.

Акцияның мақсаты – зияткерлік меншік құқығы саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алып, зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдаланумен күресті нығайту.

Іс-шараны жүргізу барысында қаладағы «Талғат», «Сыбаға» «Жайна» базарларындағы бей-берекет сауда жасаушыларға көше бойында жергілікті атқарушы орган белгілеген жерлерден тыс орындарда сауда жасау, авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу заңға қайшы келетіндігі, аудио, видео визуалды өнімдердің арнайы сауда дүкендерінде сатылу керектігі жөнінде ескерту үн парақшалары таратылып, құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталған акцияның шеңберінде жалпы сомасы 370 мың тенгені құрайтын, 420 дана контрафактілік (аудио, видео) өнімдері жария түрде жойылды.

 
Шілде 2013
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31