Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

«ҚР Патенттік заңындағы өзгерістерге сәйкес өнертабыс және пайдалы модель өнеркәсіптік меншік объектілері ретінде. Шетелдік патенттеу. «ҰЗМИ» РМК электронды қызметтері» тақырыбында көшпелі оқыту семинары

2016 жылдың 27 маусымында «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының Оқу орталығы С.Д. Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ-ң «Фармация» институтында «ҚР Патенттік заңындағы өзгерістерге сәйкес өнертабыс және пайдалы модель өнеркәсіптік меншік объектілері ретінде. Шетелдік патенттеу. «ҰЗМИ» РМК электронды қызметтері» тақырыбында көшпелі оқыту семинарын өткізді. Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы Л.Г. Джаманшалова «ҚР-ң Патенттік заңындағы өзгерістерге сәйкес өнертабыстар мен пайдалы модель өнеркәсіптік меншік объектісі ретінде», Оқу орталығының басшысы Ә.А. Әбділданова «Шетелдік патенттеу. Халықаралық және еуразиялық өтінімдерді беру мен қарау рәсімдері», Оқу орталығының бас маманы Назаров Б.О. «ҰЗМИ» РМК-ң электронды қызметтері» тақырыбтарында дәрістер оқыды.
Тыңдаушылар - «Фармацевт-фармакогност» модулінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері белсенді түрде сұрақтар қойып, лекторлардан оларға толық жауап алды.
Шара аяқталған соң «Фармацевт-фармакогност» модулінің меңгерушісі Г.М. Саякова ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, алдағы уақытта да жемісті ынтымақтастыққа ниет білдірді (әр түрлі тақырыптардағы дәрістермен семинарлар топтамасын өткізу).

 

 
 
Шілде 2016
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31