Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

ҚР Парламентінің депутаттары Қазпатентте ұлттық брендтеуді ілгерілету мәселелерін талқылады

2021 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-да (Қазпатент) «Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша ҚР Парламенті жұмыс тобының тыс отырысы өтті.

Депутаттар, сарапшылар және басқа да мүдделі тараптардың кездесуінің негізгі тақырыбы азаматтық заңнамаға «Географиялық көрсеткіш» атты  зияткерлік меншіктің жаңа объектісін енгізу болды.

Әділет министрлігі тарапынан кездесуді құттықтау сөзбен ҚР Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова ашты. Кездесу барысында географиялық көрсеткіштер мен тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғаудың халықаралық практикасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тауар шығарылған жерлердің атауларымен жұмыс тәжірибесі талқыланды. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері депутаттардың бастамасын қолдап, отандық өнімнің брендинг стратегиясының бір элементі болып табылатын географиялык көрсеткішті тіркеудің маңыздылығын атап өтті.

Экскурсия барысында директор Ербол Оспанов Қазпатенттің қызметі туралы айтып, статистикаға тоқталып өтті және депутаттарды сарапшыларымен таныстырды.

Кездесу соңында қатысушылар географиялық көрсеткіштерді объект ретінде айналымға енгізу республиканың зияткерлік меншік жүйесіне оң әсер ететініне, сондай-ақ отандық өнімнің әлемге танылу деңгейін және туризмді арттыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

 

 
Ақпан 2021
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28