Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (КАЗПАТЕНТ) мен Еуразиялық патенттік ведомство (ЕАПВ) арасындағы электрондық құжат айналымы жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға ауыстырылды

Құрметті өтініш берушілер!

Жаңартылған электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып, қазақстандық өтініш берушілерден түскен алғашқы төрт өтінім 2020 жылғы желтоқсанда ЕАПВ-ға берілгенін қуана хабарлаймыз.

ЕАПВ мен КАЗПАТЕНТ арасындағы электрондық құжат айналымының жобасы 2019 жылы Еуразиялық өтінімдер мен Еуразиялық патенттер бойынша құжаттармен электрондық алмасу туралы екі жақты келісімге қол қойылғаннан кейін басталды. Келісім Еуразиялық өтінімдерді ЕАПВ-ОНЛАЙН жүйесі арқылы жіберуді қарастырады.

2020 жылдың соңында ЕАПВ-ОНЛАЙН жүйесінің функционалын жаңартудың арқасында КАЗПАТЕНТ ЕАПВ-ға Еуразиялық өтінімдерді жіберіп қана қоймай, олар бойынша ЕАПВ-дан қажетті құжаттарды тек электрондық түрде ала алады. Қазақстанның өтінім берушілері мен патенттік сенімді өкілдерінің ЕАПВ-мен одан әрі өзара іс-қимылы да ЕАПВ-ОНЛАЙН жүйесі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Жыл басынан бері ҰЗМИ-дан ЕАПВ-ға электронды түрде 66 Еуразиялық өтінім берілді.

Қазақстан Еуразиялық патенттік ұйымға қатысушы мемлекеттер арасында Еуразиялық өтінімдер мен Еуразиялық патенттер бойынша электрондық құжат айналымы туралы келісімге қол қойған бірінші ел.

 

 
Желтоқсан 2020
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31