Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

«КО және БЭК аумағындағы зияткерлік меншік саласындағы халықаралық қатынастар», «Зияткерлік меншік құқығын сақтау және қорғаудың халықаралық қатынастарды нығайтуға әсері» және «Зияткерлік меншік объектілерін халықаралық құқықтық қорғау» тақырыптарына онла

2013 жылғы 12-13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті зияткерлік меншік мәселелері бойынша «КО және БЭК аумағындағы зияткерлік меншік саласындағы халықаралық қатынастар», «Зияткерлік меншік құқығын сақтау және қорғаудың халықаралық қатынастарды нығайтуға әсері» және «Зияткерлік меншік объектілерін халықаралық құқықтық қорғау» тақырыптарына онлайн бейнеконференция өткізеді.

Онлайн бейнеконференцияның жұмысына Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының,Ресей Федерациясының Мәдениет, өнеркәсіп және сауда министрліктерінің, Беларусь Республикасының Ғылым және технологиялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің өкілдері қатысады.

Аталған іс-шаралардың мақсаты үкімет, бизнес, ғылым, құқық иелері, өндірушілер, авторлар және әлеумет өкілдерінің котрафактілік өнімдермен күрес, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарын қорғау және тауарлар мен қызмет көрсетулердің өркениетті нарығын қалыптастыру саласындағы сындарлы диалогын орнықтыру, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша әр түрлі мемлекеттер өкілдерінің лебізін есту, КО және БЭК аумағындағы, сондай-ақ халықаралық нарықтардағы котрафактілік және жалған өнімдердің айналымына қарсы әрекет жасау болып табылады.

 

Өткізу орны: Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 10 этаж,

конференц-зал (№1039)

Басталуы: 12 желтоқсан - сағ. 14.00 және сағ. 15.30

13 желтоқсан – сағ. 14.00

тел: 8 (7172) 74-06-21; 74-06-18

 
Желтоқсан 2013
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31